IESO 2026: Қазақстанның ұлттық құрамасы анықталды!

02 марта 2026 года.

2026 жылғы 28 ақпан мен 1 наурыз күндері Астанадағы Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің (ТІЖТҒМ) базасында International Earth Science Olympiad (IESO) 2026 халықаралық олимпиадасының ұлттық іріктеу кезеңі өтті. Іс-шара университет кампусында офлайн форматта ұйымдастырылып, оны өткізуге ТІЖТҒМ мен «Жас геолог» корпоративтік қоры атсалысты.

Қазақстан құрамасының барлық шығындарын (командалық жарна, форма, жол ақысы) Shakhmardan Yessenov Foundation қоры толық қаржыландырады.

Екі күндік іріктеу нәтижесінде Қазақстанның ұлттық құрамасы анықталды.

Олимпиада туралы

International Earth Science Olympiad (IESO) — Жер туралы ғылымдар бойынша әлемдегі ең беделді халықаралық олимпиадалардың бірі. Ол геология, геофизика, метеорология, океанография және астрономия салаларында дарынды оқушыларды біріктіреді.

Бұл олимпиада жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін ашып, болашақ ғалымдар буынын қалыптастыруға ықпал етеді.

Іріктеу кезеңі

Іріктеуге еліміздің 9–11 сыныптарының 78 оқушысы қатысты.

1-кезең (28 ақпан) — жазбаша тест.

Финалға 11 үздік қатысушы өтті.

2-кезең (1 наурыз):

   •   геологиялық карталармен жұмыс;

   •   тау жыныстары мен минералдарды анықтау;

   •   профессорлармен ауызша сұхбат.

Қатысушылар терең білімін және жылдам талдау қабілетін көрсетті.

Қазақстан құрамасы

IESO 2026 олимпиадасында Қазақстан атынан қатысатын оқушылар:

 1.  1. Nuriya Mukhanbetali — Karaganda BIL

 2. Sara Mukhtarkhanova — Astana BIL

 3. Mansur Tursungaliev — Pavlodar NIS

 4. Amir Darynov — Oskemen BIL

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *