09 февраля 2024 года.
Құрметті достар мен серіктестер,
Біз сіздермен «Жас геолог» қорының өткен жылғы әсерлі нәтижелерімен бөлісуге қуаныштымыз. Дарынды да мақсатты қатысушыларымызбен бірге біз геология саласындағы табыс пен даму жолымызды жалғастырамыз.
🌟 Қаңтар айында біз IESO халықаралық олимпиадасына іріктеу кезеңін өткіздік, ал тамыз айында біздің команда олимпиадада сәтті өнер көрсетіп, 13 медаль жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Әр қатысушыға табандылығы үшін рахмет!
🌟 Шілде айында Қонаев қаласында жас геологтардың 1-ші Республикалық олимпиадасы өтті. Барлық жарыстардың қорытындысы бойынша Орал қаласынан келген «Sarmat» командасының мүшелері өзінің дайындық дәрежесін тағы да растады. Жеке жарыста жеңімпаздарға келесі университеттерден үш гранттан бөлінді: Сәтбаев университеті, ҚБТУ және Атырау мұнай және газ университеті.
🌟 Біздің жетістіктерімізге халықаралық жарыстардағы жеңістер ғана емес, сонымен қатар республика бойынша жас геологтар үйірмелерінің желісін белсенді түрде кеңейту кіреді. Біздің қозғалыста 10 жыл ішінде үйірмелер саны 2014 жылғы 7-ден 2023 жылы 50-ге дейін өсті, ал қатысушы балалар саны 105-тен 900 балаға дейін өсті. Өткен жылы Шахтинск, Талдықорған, Павлодар және Атырауда жаңа үйірмелер пайда болғанын қуана хабарлаймыз.
🌟 Сонымен қатар, біз түлектеріміздің Қазақстандағы және шетелдегі жоғары оқу орындарында геологиялық мамандықтарға түсуін белсенді түрде бақылауды жалғастырамыз. Осылайша, біздің жұмыс отқарған жылдар арасында геологиялық мамандықтарды барлығы 51 студентіміз таңдады, оның 20-сы соңғы 2 жылда ғана.
Командамыздың әрбір мүшесіне ортақ іске қосқан үлесі және жаңа биіктерге жетуге деген ұмтылысы үшін алғыс айтамыз! Алдағы жылы жаңа жетістіктер мен ынтымақтастықты күтеміз!
Ізгі тілекпен, «Жас геолог» корпоративтік қоры»
Уважаемые друзья и партнеры,
Мы с радостью делимся с вами впечатляющими результатами работы фонда «Жас геолог» в уходящем году. Вместе с нашими талантливыми и целеустремленными участниками мы продолжаем наш путь к успеху и развитию в области геологии.
🌟 В январе мы провели отборочный тур на международную олимпиаду IESO, а в августе наша команда успешно выступила на олимпиаде, завоевав 13 медалей и демонстрируя высокий уровень подготовки. Спасибо каждому участнику за упорство и стойкость!
🌟 В июле прошла 1 Республиканская олимпиада юных геологов в г. Конаев. По результатам всех соревнований очередной раз подтвердили свой класс члены команды «Сармат» из города Уральск. Победителям в личном зачете по три гранта выделили: Сатбаев Университет, КБТУ, и Атырауский университет нефти и газа.
🌟 Наши достижения включают в себя не только победы на международных соревнованиях, но и активное расширение сети кружков юных геологов по всей Республике. Всего за 10 лет существования нашего движения количество кружков выросло с 7 в 2014 году до 50 в 2023 году, а количество детей участников выросло с 105 до 900 ребят. Мы рады сообщить о появлении в истекшем году новых кружков в Шахтинске, Талдыкоргане, Павлодаре и Атырау.
🌟 Кроме того, мы продолжаем активно проводить мониторинг поступления наших выпускников на геологические специальности в вузах Казахстана и за рубежом. Так всего за годы нашего существования геологические специальности выбрали 51 наших воспитанников, из них 20 только за последние 2 года.
Благодарим каждого члена нашей команды за его вклад в общее дело и за стремление к достижению новых высот! 🌍🌟 С нетерпением ждем новых достижений и совместной работы в предстоящем году!
С наилучшими пожеланиями, Корпоративный фонд «Жас геолог»