Индерборит, Индерский район

«Индерборит» командасы 1990 жылы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің география пәнінің  мұғалімі Сатыбалды Акишева мен Кулагино ұлттық гимназиясының география- биология пәнінің мұғалімі Ақмарал Адилованың ұйымдастыруымен өз мектептерінде ақысыз үйірме есебінен құрылды. Үйірмеде -20 оқушы бар.

 

Үйірме мүшелері өз жұмыстарын  Индер ауданындағы Индер тауы мен Индер  көліне  топсеруенге шығып, жергілікті жердің табиғат байлықтары, зерттелу тарихы туралы мәліметтер жинаудан бастады.

 

Үйірме мүшелері  әр түрлі деңгейдегі жарыстар мен байқауларға қатысып жүлдегер атанды.

 

Алғаш рет 1990 жылы үйірме мүшесі  Н.Берниязов   өлкетанушылардың облыстық  слетінде  «Менің туған өлкемнің табиғат құпиялары» тақырыбында  баяндамасын қорғап  Дипломға  ие болды және слеттің қорытындысымен  Украина  республикасында жолдамамен демалып қайтты.

 

2006 жылы  мектеп оқушыларының  облыстық ғылыми жобалар  сайысында А.Тынымбаеваның  «Су тіршілік- тірегі» тақырыбындағы зерттеу жұмысы ІІІ орынға ие болды.

 

 2007 жылы Ж.Шакимовтың , «Туған жер табиғаты», А.Аманжолованың «Судың тіршіліктегі маңызы»,   Н. Өтегенованың  «Каспий теңізінің экологиялық жағдайы», М. Мағзомовтың  «Жайық-Каспий алабының экологиялық жағдайы» тақырыбындағы зерттеу   жұмыстары   «Атырау облысы экологиясының актуальды мәселелері » атты  облыстық ғылыми -тәжірибелік конференциясының  жинағына енді.

 

2009 жылы  «Туған өлкеміздің әсем табиғатын сақтайық» атты  аудандық фестивальда Ысқақова Шынарай «Үздік баяндама»  бағамында І орын, Жұбат Жаңыл  «Үздік реферат» бағамында ІІ Орын, Ғилманова А « Үздік мақала» бағамында  ІІІ орын алса, Жұбат Жаңыл

 

Атырау облысының  Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, «Аялы орта» қоғамдық бірлестігі мен облыстық білім беру басқармасының Дипломына ие болды.

 

2010 жылы  Республикалық  «Экология және балалар» атты ғылыми жобалар сайысының сырттай байқауында А. Ж.Жұбат, Г.Жұмабаеваның «Индер тұзды  көлінің қоршаған ортаға әсері» тақырыбындағы жұмыстары  Диплом мен марапатталды.

2010жылы  Республикалық  «Қызғалдақтың Отаны-Қазақстан»  байқауында Аралқаева Ботагөз Қисмеденқызының «Қызғалдақтың Отаны-Қазақстан» тақырыбындағы шығармасы   І орынға.

 

2012 жылы Н.Қайыржанова  облыстық   «Зерде » ғылыми жобалар сайысында ІІІ орынға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *